ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының төрт жылдығына орай Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұжымы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ғабит Қайыржанұлы Хасановпен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында басқарма басшысының м.а. Света Қадырбайқызы өнегелі ұстаз, ұлағатты ғалым, тіл жанашыры Ғабит Қайыржанұлын мерейлі 50 жасымен құттықтап, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетовтың алғыс хатын табыстады.