ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ

ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ

2021  жылдың 12 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Орал қаласының тұрғыны ардагер ұстаз, тыл ардагері Райса Насырқызы Сүлейменованың үйіне барып үй және аула жұмыстарына қолғабыс көрсетті. Сондай-ақ келе жатқан Наурыз мерекесіне орай сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ 2021 жылдың 26 наурыз күні басқарма қызметкерлері Орал қаласының тұрғыны, тыл ардагері, зейнеткер Юрий Александрович Албиннің үйіне барып ауласын қардан тазалады. Сондай-ақ оған тәтті сыйлықтар табысталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.