ТІЛ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ БАҒЫТЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ БОЙЫНША САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ТІЛ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ БАҒЫТЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ БОЙЫНША САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 2021 жылдың 28 қаңтар күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын іске асыру мақсатында тәуелсіз сарапшылар кеңесі отырысын өткізді.

Кеңес отырысы Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. С.Ганиеваның төрағалығымен және облыстық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, филология ғылымдарының  кандидаты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушысы А.Абдульмановтың, «Torus.kz» IT – компаниясының бас директоры Д.Габдуллаевтың және тілшілердің қатысуымен өткізілді.

Облыстағы тілдік ахуалды талдау үшін бірқатар ақпарат дереккөздері назарға алынды. Солардың ішінде әлеуметтік жобалардың іске асырылуын мониторингтеу, Статистика комитетінің ресми статистикалық деректері, бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы есептер, әлеуметтік зерттеулер нәтижелері, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары, бұқаралық ақпарат құралдарына контент-талдау нәтижесі, тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы, "Ашық диалог" интернет-порталында сауал қою мен интернет-конференциялар және т.б.

2020 жылы тіл саясатын жүргізу бағытында 155-ші ерекшелік бойынша 19 жоба іске асырылды. Конкурс нәтижесінде жыл бойы келісімшарт негізінде 3 қоғамдық бірлестікпен жұмыс жүргізілді ("Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы" ҚБ, "Рух.Тіл. Жаңғыру" ҚБ, «БҚО Жаңа толқыны» Жастар ҚБ).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау үшін келесі өлшемшарттар бойынша 1-ден 5-ке дейін баллмен есептеледі:

1. Өзектілігі.

2. Жоспардың орындалуы.

3. Әлеуметтік жобаның нәтижесі.

4. Әлеуметтік жоба шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы.

5. Әлеуметтік жобаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы.

Нәтижесінде сарапшылар тарапынан 19 жоба бойынша 12 ескертулер мен ұсыныстар түсіп, қабылданды.