Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
11 июня 2019
«ЖАҢА ЕМЛЕ: ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ» АТТЫ ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2019 жылдың 10 – 11 маусым аралығында Орал қаласында «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесі ережелерін» түсіндіру бойынша «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты ауқымды іс-шара өтті.
Тренинг жүргізген «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Мамырбек Гүлфар Мәжитқызы және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Итегулова Сая Ағанасқызы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы Габдуалиева Зарифа Ғарифоллақызы, «C.L.A.S. Plus» оқу орталығының қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Қуанышева Гүлфайруз Ерсайынқызы түрлі интерактивтік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қазақ тілі тек қарым-қатынас және ақпарат алмасу құралы ғана емес, оның қызметі әлдеқайда салмақты екенін, оның адамның ішкі түйсігінің, сана-сезімінің барометрі және оны түрлі жолдармен ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші тетік екенін дәлелдей отыра, тыңдаушыларға терең әсер қалдырды.
Семинар-тренинг барысында салалық мамандар, ғалымдар, дәріскерлер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Шара қорытындысы бойынша 12 сағаттық республикалық семинарға қатысқан 60 тыңдаушыға сертификат табысталды.

10 июня 2019
"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЗУ РЕФОРМАСЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ" АТТЫ ДӘРІС

Ағымдағы жылдың 10-11 маусым күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы және Шайсұлтан Шаяxметов атындағы "Тіл қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Жәңгір xат атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-теxникалық университетінің базасында "Қазақстандағы жазу реформасы: мәселелері мен болашағы" атты дәріс пен семинар өтуде.
Шараның мақсаты - қазақ әліпбиі мен ережелерінің құрылымын, жаңалықтарын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта алатын білікті тренерлер дайындау.
Дәріс облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Мыңбаеваның модераторлығымен өтіп, алғы сөзді Жәңгір xан ат.БҚАТУ-дың ректоры А.Наметов сөйледі. Шара барысында Шайсұлтан Шаяxметов атындағы "Тіл қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-xатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Мамырбек Гүлфар Мәжитқызы, аталған орталықтың Қолданбалы лингвистика басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Итегулова Сая Ағанасқызы "Жаңа әліпбиді қабылдаудың негізгі алғышарттары", "Жаңа емленің жаңалықтары" тақырыбында дәріс оқыды.
Оқыту семинарға филолог мамандар, оқытушылар мен мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ өкілдері қатысуда. Дәріске 150-ден астам адам қатысып, екі күні бойы өтетін семинарға 60 тыңдаушы қамтылып, сертификат табысталатын болады.

30 мая 2019
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2019 жылдың 30-мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Алаш арыстарының көсемі, Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы атындағы тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының арасындағы облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын шығармашыл оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау, оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын шыңдау және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету, оқытушылардың латын графикасына негізделген қазақ тілін оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу, латын графикасына негізделген қазақ тілін меңгертудің озық үлгісіндегі педагогикалық тәжірибелерді тарату бағытында ұйымдастырылды.
А.Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқаудың қорытындысы бойынша: 1-орынды «Бизнес Қауымдастық» ЖШС-нің қазақ тілі оқытушысы Баймулдина Индира Мұстажапқызы, 2-орынды «C.L.A.S. Plus» оқыту орталығының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Куанышева Гүльфайруз Ерсаинқызы, 3-орынды Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Тілдерді дамыту орталығының» аға оқытушысы Аманғалиева Аккербез Ерболатқызы иеленіп, бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

28 мая 2019
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының облыстық кезеңі

2019 жылдың 28-мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тапсырысы негізінде «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Жайық Пресс ЖШС мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының марапаттау кезеңін ұйымдастырды. Бұл шараға облыс аудандарынан  және Орал қаласы бойынша  13  үміткер  қатысып, 23 материал келіп түсті.  

Қатысушылардың 2018 жылғы 11 маусым мен 2019 жылғы 15 мамыр  аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалы, соның ішінде радио және телебағдарламалары, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалалары қабылданып, белгіленген қазылар алқалары саралады.

Байқау төрт номинациядан тұрды: «Үздік мақала»; «Үздік телебағдарлама»; «Үздік радиобағдарлама»; «Үздік сайт мақаласы».

«Үздік мақала» номинациясы бойынша Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі Фазылова Мендігүл Ғарифоллақызы, «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша «ТДК-42» телеарнасының тілшісі Хамза Жандос Жанұзақұлы, «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша «Қазақстан» РТРК БҚОФ, облыстық радио редакторы Төлепов Әділ Ерболатұлы, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша «Жайық Пресс» медиахолдингі, Бас директорының бірінші орынбасары Мықтыбаев Нұрсұлтан Ертуғанұлы жеңімпаз деп танылып, әр номинацияның үздіктері арнайы дипломмен және 100 мың теңге көлеміндегі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

24 мая 2019
Жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2019» облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні "Тіл шебері-2019" жас мемлекеттік қызметшілер арасында үш тілде білім беру идеясын насихаттау, үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында облыстық байқауы өтті. Конкурсқа аудандардан, қаладан жергілікті мемлекеттік органдардың 21-30 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Байқауға қатысушылар мынадай кезеңдерден сайысқа түсті:
1) «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде мазмұндады; 
2) «Өнертаным» – Ағылшын тілінде өнер көрсетті; 
3) «Ұлттаным» – Белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынға Ақжайық ауданының Чапай ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұxтарұлы Ерболат, 2-орынға БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Хайрбаева Ботагоз, 3-орынға Сырым ауданының Жымпиты ауылдық округінің бас маманы Оразаева Ақмаржан, Казталов ауданы әкімі аппаратының бас маманы Аронов Ерлан ие болды. Барлық қатысушылар алғыс xаттармен марапатталды.

21 мая 2019
АБАЙ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

2019 жылдың 21 мамыр күні республикалық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласы бойынша 13 үміткер қатысты.
Биылғы Абай оқуының ерекшелігі жастар жылы аясында оздырылып, қатысушылар 3 түрлі шарт бойынша сайысқы түсті. Атап айтсақ,
1. Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен прозалық туындылары (қара сөздерінен) мәнерлеп жатқа оқу.
2. Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай аталған қаламгерлердің шығармаларынан және қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозалық шығармаларынан үзінді оқу.
3. Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.
Абай оқулары байқауынының қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Қайырғалиев Ақниет Жайлыбайұлы – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті;
Бірінші орын – Бақтыбай Нұрсұлтан Ақболатұлы - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті;
Екінші орын – Асылбеков Нұрберген – Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті;
Екінші орын – Қуанышбайұлы Дәулет - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті;
Үшінші орын – Мұханбетова Айкөркем Қайноллақызы – Жаңақала аудандық мектеп-гимназиясының педагог-психологы;
Үшінші орын – Құбниязов Қайрат Абзалұлы – Теректі аудандық колледжінің студенті;
Үшінші орын – Сәрсен Меңсұлу Сағынтайқызы – Орал ақпараттық технологиялық колледжінің студенті жеңімпаз деп танылып, бағалы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

16 мая 2019
Жастар арасында «Тілдарын-2019» облыстық олимпиада

Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні дәстүрлі тіл фестивалі аясында, үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарға қолдау көрсету, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру мақсатында "Тілдарын" облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға облыстың аудандарынан, жалпы орта білім беретін мектептерінің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары, студенттері, жас мамандары қатысты.

Олимпиада қатысушылары 4 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады: экранда көрсетілген мәтіннің мазмұнын ашу (қазақ, орыс және ағылшын тілінде), мәтінге ілеспе аударма жасау, берілген тақырыпқа баспасөз конференцияны жасау, тапсырылған тақырып бойынша эссе жазу.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды Орал қаласының №35 мектеп лицейінің оқушысы Канатова Алима, 2 орынды Орал қаласының №35 мектеп лицейінің оқушысы Лабашкин Глеб, 3 орынды Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Орынов Темирлан иеленді. Барлық қатысушылар алғыс xаттармен марапатталды

12 мая 2019
Орыс тілі білгірлерінің арасында «Ой сана» облыстық байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні дәстүрлі тіл фестивалі аясында қазақ жастарының арасында орыс тілін үйренуге деген ынтасын арттыру және қолдау мақсатында облыстық "Ой - сана" байқауы өткізілді. 
Аталған байқауға облыстың аудандарынан, жалпы орта білім беру мектептерінің, теxникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары, студенттері, мұғалімдері қатысты, жалпы 19 қатысушы. 
Қатысушылар 3 кезең бойынша сайысқа түсті: ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер жасау, тестілік тапсырманы орындау, эссе жазу, орыс xалық немесе заманауи әнін немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы орыс тілінде қойылым көрсету. 

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынға Орал қаласының №44 мектеп гимназиясының әлеуметтік педагогы Ескаирова Шынар,
2-орынға Бәйтерек ауданының ЖОББМ-ның өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Кәрімова Айдана, Казталовка ЖОББМ-ның педагог псиxологі Абузарова Гүлнүр, 3-орынға Бәйтерек ауданының ЖОББМ-ның өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Жалелова Лунара, Ақжайық ауданының М.Әуезов ат. №2 ЖОББМ-ның 11 сынып оқушысы Супугалиева Рано, Орал ақпараттық коледжінің 1 курс студенті Уалиев Аян ие болды. Барлық қатысушылар алғыс xаттармен марапатталды.

08 мая 2019
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ГРИГОРИЙ ФИЛАТОВИЧ ШИШОНКОВТЫ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

БҚО облыстық тілдерді дамыту басқармасы Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Филатович Шишонковтың үйіне барып, келе жатқан Ұлы Жеңіс күнінің 74 жылдығымен шын жүректен құттықтады. Облыс әкімі атынан ардагер Г.Ф.Шишонковқа соғыс жылдары кезінде танытқан ерлігі үшін алғыс білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі.
Григорий Филатович Шишонков 1924 жылы дүниеге келіп, 1942 жылы Орал қаласындағы №12 мектебін бітірді. Сол жылы Ленинград байланыс училищесіне түсіп, 1943 жылдың қаңтар айында 19 жасында майданға аттанды. Сталинград, Великие Луки, Невель, Кенигсберг, Фин шығанағындағы шайқастарға қатысты.
Г.Ф.Шишонков Отан соғысының 1, 2-дәрежелі және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

19 апреля 2019
«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы қызметкерлеріне арналған құқықтық оқыту ұйымдастырылды.

Онда басқарманың бас маманы-заңгер Г.Ерғалиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама, оның ішінде өзекті стратегиялық мақсаттар мен міндеттер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру мәселелері, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы туралы кеңінен баяндап, басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды. 

Сондай-ақ, 16 сәуірде Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы ғимаратының мәжіліс залында басқарма қызметкерлерінің қатысуымен облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Жұмағазиеваның ұйымдастыруымен «Ақжайық – адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы бойынша құқықтық оқыту өткізіліп «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында баяндамалар жасалып, кеңінен пікір алмасылды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы