Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
29 июля 2020
«ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАННЫҢ ТЫНЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2020 жылдың 28 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн «Жақсы сөз – жанның тынысы» атты мекемелер мен кәсіпорындар арасында облыстық сөз сайысы байқауын өткізді. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласы бойынша 9 топ қатысты.

Байқау қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген мамандарды ынталандыру, тілдерді жетік меңгерген қабілетті мамандарды анықтау және қолдау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы  мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлердің санын арттыру, рухани құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау үш бағыт бойынша топтық түрде өтті.

I бағыт: Таныстыру бөлімі. Аталған бөлімде қатысушы топ 3 минөттен аспайтын қысқаметражды бейнеролик дайындайды.

II бағыт: Эссе бөлімі: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Әл-Фараби  мен Абай шығармалары негізінде), «Еріктілер ісі – жүрек қалауы», «Біз соғысты көрген жоқпыз» (Ұлы Жеңіске 75 жыл), «Тіл және ұлттық сана», «Ұлтты Абайша сүю», «Ұстаздық – ұлық ісі», «Әлеуметтік желідегі жастар», «Достыққа достық іс керек», «Сөз бен іс» (бүгінгі қоғамдағы адам бейнесі тұрғысынан) тақырыптарының біреуіне эссе жазу.

ІІІ бағыт: «Ой толғау» - әр топ А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармашылығы төңірегінде ой толғап, ұсыныс-пікірлер айту.

Байқауда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, PhD докторы А.А. Ақболатов төрағалық етіп, ф.ғ.д., Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры М.Б.Сабыр, ф.ғ.к., доцент Ж.Ж.Шайекенов, облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. С.Ганиева, ф.ғ.к., Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті А.Абдулманов, ф.ғ.к., М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті                          Р.Б. Сұлтанғалиева қазылар алқасының мүшесі ретінде үміткерлердің тіл біліктілігі, тіл мәдениетін, білімдері мен өнерлерін бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің «Құтқарушы-тілшілер» тобы, І орынды Орал қалалық полиция басқармасының патрульдік батальонының «Жетінші аймақ» тобы, ІІ орынды «Тасқала аудандың мәдени-демалыс орталығы» МКҚК Ақтау ауылдық мәдениет үйінің «Шамшырақ» тобы, ІІІ орынды Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Рух пен тіл» тобы және Бөрлі ауданы әкімдігінің «Аманат» тобы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тілдерді дамыту
28 июля 2020
«МАУСЫМДЫҚ ПОЭЗИЯ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

БҚО тілдерді дамыту басқармасы мен Ақжайық телеарнасы 2020 жылдын 8 маусым - 11 шілде аралығында әлеуметтік желі арқылы "Маусымдық поэзия" байқауын ұйымдастырды. Қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сондай-ақ бейнероликтің мазмұны мен сапасына баса назар аударды. Номинацияға лайықты сайыскерлер көрермендердің ең көп дауыс, репост жинау және пікір қалдыруы арқылы анықталды. Қатысушылардың өнерін таразыға салып, бағасын берген әділқазылар құрамында БҚО тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. С.Ғаниева, М.Өтемісұлы атындағы БҚУ қазақ филология кафедрасының философия (phD) докторы, аға оқытушысы А.Ақбулатов, Ақжайық телеарнасы директорының орынбасары К.Қамбетова болды.
Қорытынды нәтижесінде төмендегі қатысушылар жеңімпаз атанды:

I орын
Тұрдыбек Қазиқан -М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университетінің 1 курс студенті, аңақала ауданы, Жаңақазан ауылы;
II орын
Рустам Джирентаев -Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ӨС және АҚЖҚ аға инженері, Орал қаласы,
Данагүл Каримова -Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің жас маманы, куратор, Орал қаласы;
III орын

Арай Дүйсенғали- №46 ЖОББМ 1 – сынып оқушысы, Орал қаласы,
Гүлфиза Исатаева - Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы ЖОББМ 5 – сынып оқушысы,
Перизат Жексенғалиева -Батыс Қазақстан Жоғары Медициналық колледжінің 2 курс студенті, Орал қаласы;
«Ең көп лүпіл» номинациясы:
Назерке Какимжанова -Теректі ауданы, Ақжайық ауылының ЖОББМ 9-сынып оқушысы;
«Ең көп пікір жинаушы» номинациясы:
Эльназ Миржанова -№4 ЖО және ҚББМО 2-сынып оқушысы, Орал қаласы;
«Ең көп репост» номинациясы:

Інжу Ержан -Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ЖОББМ МАД тәрбиеленушісі;
«Ең кішкентай өнерпаз» номинациясы:
Айша Мейрам -№27 «Жігер» бөбекжайының тәрбиеленушісі, Орал қаласы.
Байқау жеңімпаздары сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталды. Ал қалған қатысушыларға белсене қатысқаны үшін Алғыс хаттар берілді.

Тілдерді дамыту
07 июля 2020
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Жақсы сөз – жанның тынысы» қашықтық байқауын жариялайды

«Жақсы сөз – жанның тынысы» мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы облыстық қашықтық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 1.Жалпы ережелер

  1. «Жақсы сөз – жанның тынысы» мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы байқаудың (бұдан әрі - Байқау) ережесі Қазақстан халқы тілдер күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленді.
  2. Байқауды өткізудің мақсаттары:

1) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) мемлекеттік тілді жетік меңгерген қабілетті қызметкерлерді анықтау және қолдау.

5) Қазақстандық патриотизмді нығайту, рухани құндылықтарды насихаттау.

  1. Байқау мемлекеттік тілде өткізіледі.
  2. Байқаудың ережесіне сай аталмыш сайысқа білім беру ұйымдарынан басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен кәсіпорындар қатыстырылады.
  3. Байқауды өткізудің тәртібі
  4. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
  5. Осы ережеге жалғанған қосымшаға сәйкес өтінім мен байқау жұмыстары 2020 жылғы 25 шілдеге дейін tdb_oral@mail.ru электронды поштасы арқылы жіберілуі қажет. Тапсырыста байқауға қатысушы мекеменің немесе кәсіпорынның толық атауы, байқау ережесіне сәйкес топтың атауы (үш адамнан кем емес) және қатысушылардың толық аты-жөндері жазылуы тиіс.
  6. Байқау 2020 жылдың 28 шілдесінде қашықтан онлайн жүйесінде өтеді.
  7. Байқау топтық түрде өтеді. Байқау қорытындысы бойынша орын алған қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Топтың өзіндік киім үлгісі мен сахналық мәдениеті сақталуы тиіс.
  8. Алдыңғы байқаулардың бас жүлде және І орын иегерлері байқауға қатыстырылмайды.
  9. Талаптарға сәйкес келмеген жұмыстар комиссия қарауына жіберілмейді.
  10. Байқау келесідей тапсырмалардан тұрады:
  11. Таныстырылым бөлімі: 3 минөттен аспайтын бейнетаныстырылым tdb_oral@mail.ru электронды поштасына  жіберілуі  тиіс. Команда өз мекемесін таныстырады. Фонограммаларды  пайдалануға тыйым салынады. Бейнежазбада сыртқы дыбыстар, шулар, кедергілер болмауы керек.  

ІІ. Эссе бөлімі:  «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Әл-Фараби мен Абай шығармалары негізінде), «Еріктілер ісі  - жүрек қалауы», «Біз соғысты көрген жоқпыз» (Ұлы Жеңіске 75 жыл), «Тіл және ұлттық сана», «Ұлтты Абайша сүю», «Ұстаздық – ұлық іс», «Әлеуметтік желідегі жастар», «Достыққа достық іс керек», «Сөз бен іс» (бүгінгі қоғамдағы адам бейнесі тұрғысынан) тақырыптарының біреуіне эссе жазу. Көлемдік шектеу: мәтін көлемі 250-300 сөзден кем емес А4 форматында жазылуы тиіс; Эссе Microsoft Word  мәтіндік редакторында TNR қарпімен орындалады, қаріп өлшемі – 14, интервал – 1,5. Эссе tdb_oral@mail.ru электронды поштасына  жіберілуі  тиіс.

III. «Өнерліге өріс кең» - әрбір топ А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның  шығармашылығы төңірегінде ой толғауы тиіс. Осы мәселелер бойынша ой толғап, ұсыныс-пікірлер айту (ұзақтығы 10 мин).

  1. Қорытынды ережелер
  2. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының зиялы қауым өкілдерінен тұрады.
  3. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) тілді меңгеру деңгейі;

2) тіл қолданысының тазалығы;

3) шешендік өнері;

4) эссені бағалау критерийлері: тақырыптық өзектілік, ойды нақты және сауатты жеткізе білуі, мазмұндылығы, баяндау ерекшелігі, стилистикалық және грамматикалық орындалуы;

  1. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
  2. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бекітілген сыйлықтармен марапатталады.
  3. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Басқарманың ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

090000, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116-үй, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7112) 50-64-26, 87752363682, 87781887429

Тілдерді дамыту
04 июня 2020
ҮШ ТІЛДІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

2020 жылдың 3 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тапсырысы негізінде «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі онлайн ZOOM бағдарламасы арқылы жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері -2020» облыстық байқауын ұйымдастырды. Бұл шараға облыс аудандары және Орал қаласы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген 14 мемлекеттік қызметші қатысып, бақтарын сынады.

Байқаудың мақсаты жас мамандарға қолдау көрсете отырып, тіл мәдениетін көтеруге ықпал ету, мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу болып табылады. Байқауға қатысушыларды бағалаған сарапшылар PhD доктор А.Акбулатов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ә. Абдульманов, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың аға оқытушысы, шет тілі магистрі Э.Утемисова. 

Байқау 3 түрлі  шарт бойынша оздырылды. Атап айтсақ:

  1. «Тұсаукесер» - үміткер өзі туралы үш тілде 3 минөттен аспайтын бейнетаныстырылымды ұсыну қажет.
  2. «Мен полиглотпын» – үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) zoom қосымшасы арқылы онлайн байланыс орнату. Кәсіби тіл мамандарымен түрлі тақырыптарда диалог құру (сұрақтарға жауап беру).
  3. «Ұлттаным» –үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсынылған тест тапсырмаларын орындау. Тест онлайн бағдарламасы арқылы өткізіледі.

«Тіл шебері-2020»   байқауынының қорытындысы бойынша:

1-орын:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Шингазиева Гулимхан;

2-орын:

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы Қанатқалиев Бағдат;

БҚО статистика департаментінің жетекші маманы Досмухамбетова Аида;

3-орын:

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру мониторингі бөлімінің бас маманы Бақытжанова Арайлым;

Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Алибаева Алмагүл иеленіп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

04 июня 2020
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық қашықтық байқауын ұйымдастырды.

Байқау жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді насихаттап жүрген журналистер арасында жүргізілді.

Байқау қортындысы төмендегідей:

          «Үздік мақала» аталымы – «Жайық Пресс» ЖШС-нің Теректі аудандық филиалы, «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы ӘДІЛЕТ ӘЛІБЕКҰЛЫ ОРЫНБАСАРОВ;

«Үздік телебағдарлама» аталымы – «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалының тілшісі МҰНАЙДАР МҰХАМБЕТЖАНҰЛЫ БАЛМУЛДИН;

«Үздік сайт мақаласы» аталымы – «Жайық Пресс» ЖШС-нің Жаңақала аудандық филиалы, «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы АЛТЫНБЕК СЕРІКҚАЛИҰЛЫ ЕРМЕКҚАЛИЕВ.

Қазылар алқасының шешімі бойынша арнайы «Руханият жаршысы» аталымына «Ел және мұғалім» газеті редакциясының тілшісі АЙЫМ ҚҰРМАНҚҰЛҚЫЗЫ СҮЛЕЙМЕНОВА лайық деп танылды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға «Алғыс хаттар»  табысталады (87112 506426).

Байқау жеңімпаздары туралы толық ақпаратпен басқарманың @bqo_tilder инстаграмм және БҚО Тілдерді Дамыту Басқармасы фейсбук парақшалары арқылы таныса аласыз.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

03 июня 2020
ОРЫС ТІЛІ БІЛГІРЛЕРІНІҢ «ОЙ-САНА» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 2020 жылдың 18-29 мамыр аралығында 15-21 жас аралығындағы мемлекеттік тілде білім алатын оқу орындарының оқушылары және студенттері арасында «Ой-сана»  онлайн байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты: орыс тілін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру.

Байқау қортындысы төмендегідей:

1-орын:

КЕНЖЕБАЕВА ЖАДЫРА ТАЛҒАТҚЫЗЫ – Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 ЖОББМ, 10- сынып оқушысы;

2-орын

МАТОВА АЛИНА МАРЛЕНҚЫЗЫ - Орал қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ-мектеп интернат кешенінің 11-сынып оқушысы;

ЕСЕКЕШ АЙНАЗ ТЕМЫРЖАНҚЫЗЫ - Орал қаласы, Ә.Н.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

3-орын

КАЗБЕКОВА АРИНА КАДЫРБЕКОВНА - Ақжайық ауданы, М.Әуезов атындағы №2 ЖОББМ, 9-сынып оқушысы;

МУХИТ АЛИЗА - Орал қаласы, Бәйтерек ауданы, переметное ауылы, К.Аманжолов атындағы ЖОББМ, 10- сынып оқушысы;

СЕРДАЛИНА АЙБЕЙХАН - Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ЖОББМ, 10-сынып оқушысы.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға «Алғыс хаттар»  табысталады.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

01 июня 2020
«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ» ҚАШЫҚТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 2020 жылдың 11-26 мамыр аралығында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында қашықтық байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты: халық ауыз әдебиеті мұраларын насихаттау арқылы тіл мәдениетін көтеру, талантты балдырғандарды анықтау,  отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі жанұяның рөлін арттыру.

Байқау облыс аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдардың 3-5 жас аралығындағы тәрбиеленушілері және оның отбасы мүшелері арасында ұйымдастырылды. Барлығы 90-ға жуық үміткер қатысты.

Байқау қортындысы төмендегідей:

Бас жүлде:  

МАҒЗОМ ТӨРЕЖАН ЕРБОЛҰЛЫ, Орал қаласы, №10 «Балапан» бөбекжайының тәрбиеленушісі;

1- орын:          

АСҚАР АҚАРЫС КЕНЖЕБЕКҰЛЫ,  Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, «Салтанат» бөбекжайының  тәрбиеленушісі.

2-орын:                  

АСХАТ ИЛЬНАРА, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №9 бөбекжайының тәрбиеленушісі;

ҒАЛЫМЖАНОВА АЛИНА, Орал қаласы, №49 «Ақниет» балабақшасының тәрбиеленушісі.

3-орын:     

ШУРИН ЕРАЛЫ, ШУРИН ЕРАСЫЛ, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №1 МБК тәрбиеленушісі;            

СЕРИКОВА ЕРКЕНАЗ АЗАМАТҚЫЗЫ, Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылы, «Қарлығаш» бөбекжайының тәрбиеленушісі;            

НҰРБОЛАТ ДАЯНА ДАНИЯРҚЫЗЫ, Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиеленушісі.      

Номинация иегерлері:

«Жас өскін» номинациясы:

МЕЙРАМ АЙША АЗАТҚЫЗЫ - Орал қаласы, №27 «Жігер» бөбекжайының тәрбиеленушісі;         

«Болашақ талант» номинациясы:

БАЙЖАН ИБРАҺИМ МЕЛЛАТҰЛЫ – Орал қаласы, №47 «Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиеленушісі;            

«Өнерлі бүлдіршін» номинациясы:

СҮЛЕЙМЕН АҚБӨПЕ ЕРБОЛҚЫЗЫ – Орал қаласы, №42 «Алтын сақа» бөбекжайының тәрбиеленушісі;    

«Өнегелі ұрпақ тәрбиелеген отбасы»  номинациясы:

ҚУАТ ӘДІЛЕТ ТИМУРҰЛЫ – Казталов ауданы, «Нұрбалапан» бөбекжайының тәрбиеленушісі;    

«Талантты балақай» номинациясы:

МУКАТОВА ТОМИРИС РУСТАМҚЫЗЫ, Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиеленушісі;    

«Шығармашыл бүлдіршін» номинациясы:

ШИУНШҚАЛИ  ӘЛИ, Орал қаласы, «Асемдук» ЖШС, «Дельфин» бөбекжайының тәрбиеленушісі;    

«Ынтымақты отбасы» номинациясы:

МУХТАРОВ БЕКСҰЛТАН, Орал қаласы, №50 «Заңғар» бөбекжайының тәрбиеленушісі;    

«Мерейлі отбасы» номинациясы:

МУХТАРОВ АЛИХАН АСЛАНҰЛЫ, Орал қаласы, №38 «Жазира» бөбекжайының тәрбиеленушісі.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға «Алғыс хаттар»  табысталады.

Байқау жеңімпаздары туралы толық ақпаратпен басқарманың @bqo_tilder инстаграмм және БҚО Тілдерді Дамыту Басқармасы фейсбук парақшалары арқылы таныса аласыз.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

01 июня 2020
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы конкурс комиссиясының ШЕШІМІ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы

конкурс комиссиясының

ШЕШІМІ:

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маман-бухгалтер – бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау үшін Алтын Нуржановна Молдаханованың кандидатурасы ұсынылды.

Әңгімелесу кезінде байқаушы қатысты.

Конкурс комиссиясы

29.05.2020 ж.

15 мая 2020
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» ММ, 090006, Орал қаласы, Х.Чурина көшесі 116, 1 қабат, 118 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 500617, факс 8-(7112) 515447, Е-mail:
zko-uralsk@mail.ru

 

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маман-бухгалтері лауазымы («D-О-4» санаты, 1 бірлік)

«D-О-4» санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108 306 (min) теңгеден 146 177 (maх) теңгеге дейiн.

 

Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есеп, қаржы-шаруашылық жұмыстарын жүргізу; материалдық шоттар бойынша есептерді жасақтау, материалдық шоттар бойынша есептерді жүргізу; басқарманың бюджет тік өтініміндегі іс-шараларына бюджеттен бөлінген қаржыны аудару операцияларын жүргізу; басқарманың бухгалтерлік есебі туралы ақпараттарды тиісті органдарға уақытылы тапсыру; бюджеттік өтінімді, қаржыландыру жоспарын орындауды жүргізу, қызметкерлердің жалақыларын есептеу және  уақытылы аудару; қаржыландыру процессі барысында туындаған есептерді, барлық есеп шоттар бойынша дербес және айналым ведомостваларын уақытылы жүргізу, оларды бухгалтерлік есеппен салыстыру; ақша қаражаты, материалдық құндылықтар мен есептерге түгендеу жүргізуге қатысу; басқарма балансындағы мүліктерге қаржылық, материалдық бақылау жүргізу; мекемелермен жасасқан шарттарды аумақтық қазынашылық органдарында тіркету,  шарттар бойынша есептесуді жүргізу; банк құжаттарына және материалдық-тауар құндылықтар мен ақша қаражаты, сонымен қатар қаржылық міндеттер мен шаруашылық шарттары құжаттарына қол қою.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (қаржы, экономика, менеджмент, бухгалтерлік есеп және аудит) мамандықтары бойынша       жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

           1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

         Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

         Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасында өтеді.

 

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

Нысан

 

_______________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________

  (қолы)                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО

  (түрлі түсті/

цветное,

3х4)

 

        _____________________________________________

            тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /         

             фамилия, имя, отчество (при наличии)

  

         _____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

 (болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

 Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

 Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня- ется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

 

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

 Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_____________

          күні/дата

 

         

 

 

13 мая 2020
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ТҰҒЫРЫМ» ОНЛАЙН ШЫҒАРМА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 14 сәуір – 6 мамыр аралығында  «Туған жерім – тұғырым» тақырыбында онлайн шығармалар байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты: Батыс Қазақстан облысының тарихына, мәдениетіне және әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру,  оқушылардың өлке тарихы туралы білімін тереңдету, өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Байқау облыс аумағындағы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Барлығы 60 үміткер қатысты. Байқау қортындысы төмендегідей:

Бас жүлде:  

Сейтқалиева Оразгүл Жасқайратқызы, Казталов аданы, Мирон НЖББМ-нің 8-сынып оқушысы;   

1- орын:          

Бітімғали Ақниет Әзілханқызы, Сырым ауданы, Сырым аудандық білім беру бөлімінің мектеп-лицейінің 9- сынып оқушысы;

2-орын:                  

Қуанова Назкен, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы, Айдархан ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы;

Нигматуллин Махамбет Қанатұлы, Сырым ауданы, Өлеңті ауылы, Ж.Досмұхамедов атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып окушысы;

3-орын:                    

Залипова Әсем Нұркенқызы, Орал қаласы, №14 ЖОББМ-нің оқушысы;

Қадерова Айлаззат, Казталов ауданы,  А.Хұсайынов атындағы ЖОББМ –нің 10-сынып оқушысы;

Сакашева Назерке Алтайевна, Орал қаласы, №33 ЖОББМ-нің оқушысы;

 Ханатова Шаттық Жанатқызы, Казталов ауданы, Казталов мектеп-лицейінің оқушысы;

 «Алғыс хаттар»:

Бахытжан Венера, Бөрлі ауданы, Кеңтүбек ЖББОМ-нің 7- сынып оқушысы;

Ғинаятова Дилназ, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы, Айдархан ЖОББМ-нің 10- сынып оқушысы;

Закария Айару Сұңғатқызы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;

Исмагулова Ділназ, Орал қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп- интернат кешенінің 8-сынып оқушысы;

 Қуанова Әсем Русланқызы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ-нің  10- сынып оқушысы;

Қыдыр Гүлназ Бөрлі ауданы, Ақсу ауылы ЖББОМ-нің 8- сынып оқушысы;

Нәби Гүлжайна, Бәйтерек ауданы, Камен  ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы;

Түсіпқалиева Ақжан, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының 10 - сынып оқушысы.

Ахонова Аяужан Жарасқызы, Казталов ауданы, Бірік ауылдық округі, Бірік ЖОББМ-нің оқушысы;

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары туралы толық ақпаратпен басқарманың @bqo_tilder инстаграмм парақшасы арқылы таныса аласыз.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы