Ағымдағы жылдың 16 қарашасында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Теректі ауданының білім беру бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн түріндегі жәрмеңкесі, аудан әкімдігінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы тікелей эфирде өткізілді.
Теректі ауданының білім беру бөлімі өз саласы бойынша атқарған жұмыстары бойынша баяндама жасап, өз саласы бағытында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсінік берді.