1 қазан Халықаралық қарттар күні

1 қазан Халықаралық қарттар күні

Қадірменді теректіліктер!

1990 жылдың 14 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялаған болатын.

Содан бері бұл күні ортамызда жүрген қарияларға құрмет көрсетіп, аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне ризашылығымызды білдіреміз.

Дорогие земляки! Уважаемые наши ветераны!

В этот день мы выражаем словами и конкретными делами благодарность своим старшим родным и близким за доброту, за заботу.

Вы хранители мудрости, опыта и знаний. Вы показали нам лучшее, что может быть в человеке.

Мы благодарим Вас – наших ветеранов, за ваш самоотверженный труд, результаты которого мы ценим.

Искренне поздравляю всех вас с Днём пожилого человека и желаю крепкого здоровья, мирного неба, тепла, любви и долгих лет жизни!

Құрметті ағайын!

Үлкенді сыйлау, оларға ізет көрсетіп, қамқорлық жасау – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Жесір мен жетімді жетектеп, кемтар, мұқтаж жандарға көмек көрсету – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Әмәнда, осы жолдан тайған емеспіз. Ендеше, биылғы жылы да қазыналы қарияларымызды ардақтайық. Көмекке, көңілге зәру жерлестерімізбен қайырымды жүрегіміздің жылуымен бөлісіп, мұқтаж жанның қолтығынан демейік, ағайын.

Елдігімізді, ынтымықты бірлігімізді танытайық!

Ел аман,жұрт тыныш болғай.Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова