
ҚР Президенті Қ.Тоқаев наурыз айының соңында мәлімдеме жасап, аты жаман дерттен еңсесі түсіп тұрған қазақстандықтарға қолдау көрсетті.
Бұл мәлімдеме дер кезінде жасалған сәтті қадам деп ойлаймын. Себебі, Президент сөзімен жете танысқан адам билік халықтың пікірін тыңдап, елдің сұранысына лайықты жауап бергенін бағамдай алады.
Мені қуантқаны - кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы саласы өкілдеріне деген Президентіміздің көңілі. Бюджеттен 70 миллиард теңге бөлініп, ол жердің қадірін білетін шаруаларды демеуге жұмсалмақшы. Көктемгі егіс науқаны үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлінеді.
Бастысы, шағын және орта бизнес өкілдері қазан айына дейін еңбекақы қоры арқылы ұсталатын салықтан босатылады.
Теректі ауданында 335 шаруа қожалық болса, оның 80-і егін егумен айналысады. Жанармай бағасының 15 пайызға арзандауы қарапайым шаруалар үшін зор көмек.
ҚР Президентінің мәлімдемесін қожалық иелеріне жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын қолға алдық бүгін.
Уақытша қиындық кезінде Мемлекет басшысының қолдауын сезінген теректілік кәсіпкерлер мен шаруалар сынақтан сүрінбей өтетінімізге сенеді.
Нұрлан БЕРДІҒАЛИЕВ
Теректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы