Хабарландыру

Хабарландыру

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті шенеуніктер тарапынан заңсыз араласудан және әкімшілік кедергілер жасаудан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында.

Департамент жанынан бизнесті қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыратын мобильді тобы құрылды.

Мобильді топтың міндеті – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу және заңды кәсіпкерлік қызметке сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар кедергі жасау туралы дабылдарына жедел ден қою.

Мобильді топтың құрамына ведомство қызметкерлері, шағын және орта бизнес, кәсіптік бизнес-қауымдастықтар және «Атамекен» ӨКП, әкімдік өкілдері енгізілді.

Негізгі нысаналы топ – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Егер сіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде әкімшілік кедергілерге тап болсаңыз немесе мемлекеттік органдармен және монополистермен қарым-қатынаста сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындаса, жұмыс күндері жеке қабылдауға жүгінуге немесе +7 775 300 02 14 телефоны арқылы хабарлауға болады.