Хабарландыру

Хабарландыру

Мемлекет басшысы - Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.

Теректі ауданында 2023 жылдың 8 ақпан  күні сағат 15:00-16:00 аралығында Теректі ауданы, Сұңқар көшесі №24 мекен-жайда, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы Теректі аудандық бөлімінде (Халыққа қызмет көрсету орталығы) қоғамдық қабылдау  өтетін болады.

Қоғамдық қабылдау барысында Теректі ауданының әкімдігіне қарасты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімдердің мамандары тарапынан қызмет көрсетулер мен консультациялық кеңестер берілетін болады.