
Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы N190 Жарлығына сәйкес 14 Қаңтар күні Шалқар ауылдық округіне қарасты Дуана ауылында ауылдық округі әкімі Султанов Мейірбек Ақылбекұлының халық алдында есеп беру кездесуі өткізілді. Есептік кездезуге Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Даубаев Аслан Асқарұлы және мекеме басшылар қатысты. Жиында ауылдық округ әкімі 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Есептік кездесуге ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өз сауалдарына толық жауап алды. Ауылдық округте жарқын істер мен жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.