✍️Қадірменді жерлестер, қымбатты ата-аналар, балалар!
Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтаймын!
Жаздың алғашқы күні бала күлкісіне бөленіп, тамаша мерекемен басталады.
Дана халқымыз «Бала – артта қалған ізің» деп, ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген. Жер бетіндегі қай халық болмасын Отанының тыныштығы мен ұрпақ саулығын алдыңғы орынға қояды. Тәуелсіз мемлекетімізде де болашақ қамы үшін жасалып жатқан игі істер аз емес. Жыл сайынғы салынып жатқан спорттық және балалар алаңдары мен балабақшалар, жаңғырып немесе жаңадан ашылып жатқан мектептер – ел тыныштығының жемісі.
Уважаемые теректинцы! Дорогие дети!
От всей души поздравляю вас с Международным днем защиты детей!
Защита прав, жизни и здоровья детей, их воспитание в лучших традициях своего народа – это одно из приоритетных направлений не только нашей страны, но и всех мировых государств. Поэтому День защиты детей – это не только праздничный день, это значимое мероприятие, определяющее курс в будущее и дающее возможность для созидания счастливой жизни будущего поколения.
Сегодня наши дети живут и проводят свое детство в независимой республике. Со стороны государства создаются все необходимые условия для приобретения ими полноценного и качественного образования и воспитания.
Желаю вам ясного и мирного неба, счастливого детства, радостных дней и светлого будущего!
Қымбатты жерлестер!
Ұрпаққа сапалы білім беріп, ұлт денсаулығы мен балалардың тыныштығы жолында еңбек ету – біздің де басты мақсаттарымыздың бірі. Егемен еліміздің бүлдіршіндері де туған жерінің шынайы патриоты болып өсетініне сеніміміз мол.
Бүгінгі қуанышты мерекеде барлық отбасыға бақыт пен береке, жанұя жылуын тілеймін. Көгімізден күн, үйімізден сәби үні мен күлкісі кетпесін.
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Тілекқабыл Габдушев