Теректі ауданы бойынша үйірлі және үйірсіз шегірткелерге, аса қауіпті зиянды ағзалармен ауруларға қарсы аудандық штаб отырысы өткізілді

Теректі ауданы бойынша үйірлі және үйірсіз шегірткелерге, аса қауіпті зиянды ағзалармен ауруларға қарсы аудандық штаб отырысы өткізілді

Ағымдағы жылы 12 мамыр күні Теректі ауданы бойынша үйірлі және үйірсіз шегірткелерге, аса қауіпті зиянды ағзалармен ауруларға қарсы аудан әкімі орынбасары Е.Н. Досмаковтың төралығымен аудандық штаб отырысы өткізілді.

Бұл жиынға ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысы Л.Р.Хайретдинов және ҚР АШМ АӨК МИК БҚО өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.А Құрмашев, ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» ММ-ң облыстық филиал директоры А.Қ.Алдабергенов, Теректі аудандық аумақтық инспекция басшысы Қ. Дуйсеналиев , және Теректі ауданы филиал директоры А. Ажимов қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер: Теректі аудан аумағында үйірлі және үйірсіз шегірткелерге, аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға және карантиндік нысандарға қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралардың әзірлігі және алда тұрған міндеттер туралы»

Жиналыс барысында 2022 жылы шегірткелерге қарсы зерттеу және химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу талқыланды.

Ағымдағы жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» РММ Теректі аудандық филиалының және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің зерттеу нәтижесі бойынша үйірлі және үйірсіз шегірткелерге, аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, зиянкестерге және карантиндік нысандарға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының жалпы көлемі 23,0 мың га. болып белгіленді.

Соның ішінде: Республикалық бюджет есебінен: аудан аумағында үйірлі шегірткелерге қарсы 6,0 мың. га, жерінде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер өз қаражат есебінен: зиянды бақашыққа 3,0 мың га., астық қоңызына 3,0 мың га. және қоңыр тат ауруына қарсы 0,5 мың га., жерге өңдеу жұмыстары жоспарланды.

Облыстық бюджет есебінен: саяқ шегірткелерге қарсы өңдеу көлемінің болжамы – 10,5 мың.га.