БҚО әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Теректі ауданына барды

БҚО әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Теректі ауданына барды

Өңір басшысы аудандық мәдениет үйінде теректіліктермен кездесу өткізді. Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы биылғы есебінің ерекшелігі кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.

Сондай-ақ, кездесуден кейін өңір басшысы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, облыстық басқарма басшыларымен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.

Қабылдауға 15 тұрғыны келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға келгендер тұрғын үй, әлеуметтік мәселелер, кәсіпкерлік, ономастика, құрылыс және т.б. сұрақтар бойынша жүгінді.

Қабылдау барысында облыс әкімі Ғ.Есқалиев әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, құзыретіне кіретін проблемалық мәселелерге жауап беріп, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктеді. Ғали Есқалиев әрбір тұрғынның өтініші бақылауда болатынын жеткізді.