Күшті жел кезінде өзін-өзі ұстау ережелері

Күшті жел кезінде өзін-өзі ұстау ережелері

Дауылды алдын ала ескерткен кезде, желдің жылдамдығы 15-20, тіпті 30 м/с дейін жеткен жағдайда елді-мекендерде басты қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн.

Күшті желдің әсерінен электржелілерінің үзілуі, ағаштардың құлауы, ғимарат шатырларының ұшуы, кеңформатты және әлсіз бекітілген жарнама құрылыстарының ұшуы орын алып, бұл өз кезегінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.  

Шатыр жабынының күшті желге шыдамай ұшып кетуінің басты себептерінің бірі:

- құрылыс кезінде мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтамау, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілмеуі;

- сапасыз шатыр материалдарын қолдану;

- шатыр бекіткіштердің әлсіреуі;

- шатырлардың төбедегі ағаш конструкцияларға немқұрайлы бекітілуі. Желдің әсерінен шатыр құрылымының бөліктері мен қосылыстары әлсірейді, бұл ерте ме, кеш пе оның бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.  Ғимараттардың, құрылыстардың тұрғын үйлердің тозығы жеткен шатыр элементтерін ауыстыру немесе нығайту бойынша алдын ала шаралар қабылдау қажет.

Егер сіз күшті жел кезінде көшеде болсаңыз:

  • Тез арада жақын маңдағы ғимаратқа кіріңіз;
  • Тұрғын үй, ғимарат қабырғаларының жанында, аялдамаларда, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың жанында тұрмаңыз.

Тұрғындарға қауіпті метеорологиялық құбылыстар кезінде сақтық шараларын сақтауды, сондай-ақ, 112 қызметінен дауылды алдын ала ескерту туралы келіп түскен SMS-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауыңызды сұраймыз.

 

Теректі ауданының ТЖБ