Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға жақындаса не істеу керек?

Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға жақындаса не істеу керек?

Қазақстанда жеке куәлік 10 жыл мерзімге ресімделеді.

Жеке куәлік қазақстандықтарға 16 жастан бастап беріледі.

Куәлікті алдын ала ауыстырған дұрыс, себебі мерзімі өткен құжатпен 1 айдан аса жүру әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет.

Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін бір күннен бес жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады.

 

*Паспорт ерікті құжат болып табылады, сондықтан оның мерзімі өтіп кетсе айыппұл салынбайды. Мемлекеттік баж құны-8 АЕК.