Аудан әкімінің Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімінің Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Құрметті теректіліктер!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – жыл бойы асыға күтетін, өткенге баға беріп, нық қадам жасайтын, рухани серпін мен жақсылыққа ұмтылдыратын  мереке. Еліміз үшін орыны ерекше – Тәуелсіздікке 30 жыл толған мерейлі жыл тарих қойнауына еніп барады.

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз Тәуелсіздіктің отыз жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алып отырмыз.

Қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрдық.

Сындарлы саясат жүргізіп, әлеуеті зор нарықтық экономикалық жүйе қалыптастырдық.

Ең бастысы бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізіп, елдігіміз қайта жаңғырды.

Әлем қартасында Қазақстан деген егемен елдің ойып тұрып орын алуы үшін аянбай еңбек еттік.

Ендігі кезекте осы жетістігімізді еселеп арттыру ел ынтымағы мен тұтастығына байланысты» деген болатын.

30 жыл бойы елді ел еткен Елбасының бұл сөздерін біз қағидаттай ұстанамыз.

Дорогие теректинцы!

Поздравляю вас с наступающим Новым годом!

Новый год — это один из самых светлых праздников в жизни каждого из нас. Это время надежд и смелых планов. И каждый раз, встречая Новый год, мы испытываем самые возвышенные чувства: радость, надежду и веру в будущее.
Оглядываясь на уходящий год, мы подводим итоги. Следует отметить, что несмотря на трудности в связи с пандемией короновируса, мы движемся вперед, к развитию экономики страны, района.

В уходящем году наш район достиг хороших экономических и хозяйственных  результатов.

Мы сдали в эксплуатацию физкультурно-оздоровительный комплекс в селе Подстепное. В селе Акжайык начал работать детский сад «Айша» - результат сотрудничества частного предпринимателя и государства. Продолжили строительство спортивных площадок в селах. В Кемер, населенный пункт Чаганского сельского округа, пришла чистая питьевая вода.

В нынешнем году наши хлеборобы собрали более 36 тысяч тонн зерновых, около 12  тысяч тонн масличных культур. 6,3  тыс. тонн картофеля, 7,8 тысяч тонн овощей и 2,6 тысяч тонн бахчевых вырастили наши растениеводы.

За год значительно пополнился ряд  предпринимателей. 373 теректинцев получили финансовый грант по государственной программе и начали свое дело.

Это только часть наших достижений за 2021 год.

Все наши достижения стали возможны благодаря упорному труду, сплоченности и единения всех теректинцев.

Многое еще предстоит сделать. И мы обязательно добьемся воплощения в жизнь всех задач. Для этого у нас есть все необходимое, а главное – желание жить лучше и видеть свою страну процветающей.

Уверен, что новый 2022 год будет для нас еще более успешным и удачным.

 

Қадірлі жерлестер!

«Орда бұзар отызға» толған еліміз іргесін бекіткен, тұғыры нық мемлекетке айналды.

Санаулы күндерден кейін жаңа 2022 жыл табалдырығымыздан аттайды.
Қуанышы мен қиындығы қатар жүрген 2021 жылды қортындылар кез келді.

Әлемдік пандемияға қарсы тұрар жол таптық. Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген екен.  Біз де сол тәртіптің арқасында қалыпты өмірге ораламыз. Коронавирусқа қарсы екпе алу басталғаннан беріде теректіліктердің 67 пайызы вакцина алған. Соның көмегімен қауіпті жұқпалы ауруға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастырамыз.

Келер 2022 жыл елімізді өркендету жолындағы игі істер мен нәтижелі де өміршең жобаларға толы болады деген сенімдемін.

Жаңа жыл халқымызға құт-береке, бейбітшілік, отбасыларыңызға ырыс-береке, қуаныш пен шаттық әкелсін.

Ел  мерейі арта берсін.

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Игі тілекпен, Теректі ауданының әкімі Тілекқабыл ГАБДУШЕВ