Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы басты мәселелері туралы

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы басты мәселелері туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының басшысы Б. Ибрашев Теректі ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысымен танысты.

Жалпы ауданда 23 мекемемен 65 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олырдың ішінде толық автоматтандырылғаны 19 қызмет, қағаз түрінде 6 қызмет, ал қалған 40 қызмет баламалы түрде көрсетіледі.

Мекемелермен ағымдағы жылдың 9 айында 9164 қызмет көрсетілді. Б.Ибрашев жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, АХАТ қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экономика, әлеуметтік қорғау және құрылыс саласында мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандармен кездесті. Онда мемлекеттік қызметті көрсету барысында кездесетін мәселелер талқыланды. ♻️Кездесу нәтижесінде мамандармен ақпараттық жүйелерді оңтайландыру, заңнама қайшылықтарын жою секілді ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, Б.Ибрашев аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында болып аудан тұрғындарына көрсетіліп жатырған қызметтер барысымен танысты.

Іс-сапар қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар жиынтығы жасақталды. Ұсыныстар жиынтығы жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тиісті шаралар қабылдау үшін жолданатын болады.