"Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен семинар ɵттi

"Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен семинар ɵттi

10 қарашада аудандық Достық үйiнде "Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен əйелдердi зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында семинар ɵттi.

Жиынға Теректi ауданы əкiмiнiң орынбасары Армат Байгазиев, Теректi аудандық полиция бɵлiмiнiң ɵкiлдерi жəне ауылдық округтердiң əкiмдерi мен қызметкерлерi қатысты.

Семинарда "Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң тɵрайымы Гүлмира Тɵлегенова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлерi, себептерi жəне тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қалай кɵмек кɵрсету қажеттiгiн баяндап, қиын ɵмiрлiк жағдайға ұшырағандардың мəселелерiнiң шешiмiмен таныстырды.

Теректі аудандық полиция бɵлiмi бастығының м. а., полиция подполковнигі Жантемір Иманалиев биылғы 10 айда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту бойынша атқарылған жұмыс туралы баяндады.

Теректi ауданы бойынша 15 ауылдық округтiң әкімдері сұрақтарын қойып, қызмет бабындағы тəжiрибелерiмен бɵлiстi.