ТЕРЕКТІЛІКТЕР ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТТІ

ТЕРЕКТІЛІКТЕР ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТТІ

Орал қаласында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ қол күрес федерациясының ұйымдастыруымен турнир өтті. 2003-2005 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздардың, 2006 жылғы және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында өткен қол күресінде Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ оқушылары үздік нәтиже көрсетті. 8 оқушыны дайындаған Жақсыбек Демеуовтың 5 шәкірті жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал 2006 ж.т және одан кіші жастағылар арасынан 50 келі салмақта Ақнұр Жоламанова I орынды жеңіп алды. 65 келі салмақта Алтынгүл Бақтығалиева бірінші орынмен қоса "спорт шеберлігіне үміткер" атағын алды.

2003-2005 жылғы ұлдар арасынан Бақберген Қапен II орынды иеленсе, 2006ж.т және одан кіші жастағы қыздар арасынан Нұрзада Арыстанова мен Қымбат Уағап II, III орыннан көрінді.

Теректі ауданының намысын қорғаған спортшыларымыздың жеңісті күндері көп болсын!