Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңке өткізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңке өткізілді

Теректі ауданының әкім аппаратында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты жәрмеңке өтті.  Ағымдағы жылдың 5 қазан күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық, сәулет және қала құрылысы және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салалары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн түріндегі жәрмеңкесі, аудан әкімдігінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы тікелей эфирде өткізілді. Әр бөлім өз саласы бойынша атқарған жұмыстары бойынша баяндама жасап, өз салалары бағытында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсінік берді.

Шара барысында 3 әлеуметтік желі қолданушысынан сұрақ түсіп, тікелей эфир барысында жауап берілді. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын табады.