ТЕРЕКТІЛІКТЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ТЕРЕКТІЛІКТЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Еліміз бойынша «Birge – taza Qazaqstan» акциясы оздырылып жатқаны әмбеге аян. Аталмыш акцияға теректіліктер де өз үлестерін қосты.

Атап айтсақ, аудан халқы белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Мысалы, аудан орталығында өткен сенбілікке 302 адам қатысып, белгіленген 24 аумақты қалыпқа келтірді. Нәтижесінде, 6 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жөнінде аудандық газет тілішсіне Федоров ауылдық округі әкімі Әсет Әубакіров мәлімдеді.

Сенбілік жұмыстарында Теректі ауданы әкімі аппараты, аудандық мәслихат ұжымы, аудандық білім беру бөлімі, аудандық мәдени-демалыс орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Федоров қазақ ЖОББМ, Теректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық мәдениет бөлімі, жер қатынастары бөлімі, «Nur Otan» Теректі аудандық филиалы, Федоров №1 ЖОББМ, аудандық орталық аурухана және тағы басқа мекемелер белсенділік танытты.

Осындай тазалық акциясы ауданның барлық ауылдарында өтті.