Баланың тууын тіркеу

Баланың тууын тіркеу

Баланың дүниеге келуі - әр адамның өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Ата-анаға көптеген мәселелерді, соның ішінде заңды мәселелерді шешу керек. Ең бастысы-туу туралы куәлік алу.

Мұны Egov.kz порталы арқылы жасауға болады;

  1. Порталда eGov.kz "отбасы" бөлімінен "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" қызметін табыңыз
  2. "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз
  3. ЭЦҚ немесе SMS арқылы авторизация жасаңыз
  4. Ата-ана мен бала туралы ақпаратты толтырыңыз.
  5. Қызметті ЭЦҚ көмегімен растаңыз
  6. Өтінім қарастырылғаннан кейн, жеке кабинетке уақыт пен АХАЖ көрсетілген хабарлама келеді
  7. Белгіленген уақытта сіз туу туралы куәлікті алуға АХАТ-қа барып, өзіңізбен бірге туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы; неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы; анасының жеке куәлігінің түпнұсқасы; әкесінің жеке куәлігінің түпнұсқасы болуы тиіс.