Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға ескертеді.

Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға ескертеді.

Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға қалдықтарды (қоқыстарды жағу) жинап қою және жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің қатаңдатылғанын ескертеді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабы. Қалдықтарды жинап қою және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау -

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Ескерту» түріндегі санкция алынып тасталды.

Теректі ауданы аумағында жыл басынан бері тұрғын үй секторының аумағында қоқыстардың жануы орын алған 13 оқиға тіркелді.  Оның ішінде 8 жағдай бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Теректі ауданының ТЖ бөлімі