Қымбатты оқушылар! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Қымбатты оқушылар! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Қымбатты оқушылар!

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Салтанатты соңғы қоңырау мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Сіздер осы оқу жылын ерекше жүйеде аяқтағалы отырсыздар. Коронавирус пандемиясы мектеп өміріне өз әсерін тигізді. Туындаған жағдайға қарамастан, ​Сіздер барлық қиындықтарды жеңе біліп, одан нәтижемен өттіңіздер.

Биылғы оқу жылын ауданымызда 343 түлек бітіргелі отыр, оның 274-і ҰБТ тапсыруға ниет білдірсе, 28 «Алтын белгі» төсбелгісі ​ және 14​ ерекше аттестат иегерлері бар. Биылғы оқу процесі «Онлайнмектеп» платформасы арқылы жүзеге асырылып, барлық мектеп «BILIM LAND» білім беру порталын қолданды. Қашықтан оқытуды жеңілдету мақсатында білім беру ұйымдары 200 дана компьютер, 164 ноутбукпен толықты. Сонымен қатар, үкімет резервінен балаларға 250 планшет, 120 компьютер, 980 ноутбук таратылып,​ оқушылардың толық білім алуына мүмкіндік берілді. Бұның бәрі саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолындағы игі жұмыстар.

 

Уважаемые учителя, родители, выпускники!

От всей души поздравляю вас с окончанием учебного года!

Пусть молодые выпускники, окончившие школу, будут уверены в своих шагах в будущее, в своих начинаниях. Преодоление сложившейся в стране ситуаций и преодоление трудностей, с которыми мы столкнулись в этом учебном году – это большая ответственность и труд.

В этом году школу​ заканчивают 343 ученика, 14 из них претендуют на особый аттестат, 28 - на «Алтын белгі». Впереди выпускников ждет большое испытание, испытание на прочность жизнью.

 

Дорогие выпускники! 

Для вас этот день стал знаменательным, праздничным, насыщенным, потому что именно в этот день вы покидаете школу, которая стала для вас родным домом, где вы провели свое детство, юношество и где вы приобрели необходимые знания и опыт.

Будущее нашей страны в ваших руках, и я желаю вам всегда быть теми гражданами, которые будут стоять на страже страны, неустанно искать пути получения глубоких знаний.

 

Қымбатты түлектер!

Алда ұлттық бірыңғай тестілеудің сынамасы күтіп тұр. Осы сынақта бүгінгі түлектер жоғары деңгейден көрінеді деп үміт артамыз. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында табысты болудың ең іргелі факторы білім екенін, жастардың басымдық беретін бағыттарының қатарында білім қашанда бірінші орында тұратынын, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететінін» атап көрсеткен болатын. Бар күш-жігерлеріңізді еліміздің жарқын болашағы үшін жұмсайтындарыңызға сенемін!

Ал мектептегі алғашқы оқу жылдарын сәтті аяқтаған бірінші сынып бүлдіршіндері мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы әрі пайдалы өткізіп, жаңа оқу жылына жайдары көңілмен оралуларына тілектеспін!