Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.⠀

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.⠀

Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:⠀

eGov.kz порталы арқылы:⠀

  1. eGov.kz порталына кіріңіз;⠀
  2. Іздеу жүйесі арқылы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" қызметін табыңыз;⠀
  3. Қызметті онлайн сұраңыз;⠀
  4. Мекенжай деректерін растаңыз;⠀
  5. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;⠀
  6. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;⠀
  7. Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.⠀

Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;⠀

ХҚО арқылы:⠀

  1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;⠀
  2. Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;⠀
  3. Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.⠀

Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН білуіңіз қажет - оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.⠀