Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

Өртке қауіпті кезең басталысымен аудан аумағында тұрғын үй секторының аумағында  қоқыстарды жағып, жақын орналасқан шаруашылық құрылыстарына оттың таралу қаупі орын алған 3 оқиға тіркелді.  Барлық жағдайда кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ТЖ бөлімі аудан тұрғындарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 Қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының  71-1 бабына сәйкес

  • алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізілетінін ескертеді.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу оқиғалары анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК 336 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Анықтама ретінде:

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабы. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою мен жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау:

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау –

Ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Теректі ауданының ТЖ бөлімі