Құрметті теректіліктер!

Құрметті теректіліктер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің байтақ жеріміз ондаған ұлт, мыңдаған адам үшін алаңсыз өмір сүріп, еңбек ететін елге, сүйікті Отанына айналды.

«Ырыс алды – ынтымақ» деп, ұлт-ұлысқа бөлмей, кең құшағына сыйғызған Қазақстан – тату тірлігімен, жарасқан бірлігімен әлемге танылған ел.

Уважаемые теректинцы!

Поздравляю вас с большим и светлым праздником – Днем единства народа Казахстана!

День единства – один из важнейших праздников Казахстана. Единство, мир и согласие народа является основой благополучия и процветания нашей родины.

На протяжении веков на нашей земле перекрещивались судьбы многих народов - носителей различных культур, религий и традиций. Исторически сложилось, что Теректинский район – один из самых многонациональных в регионе. Здесь в согласии живут представители около 30 национальностей. Деятельность наших национально-культурных центров по сохранению традиций, языка, культуры этих народов органично вписывается в общее русло укрепления межнациональных отношений. Мы стали единым целым. Благодаря этому мы смогли пройти через трудности и создать стабильно развивающийся район.

Ардақты ағайын!

Бірлігі бекем елдің ынтымағы, халқының достығы мен бауырмалдығы бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық .

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылып, аянбай еңбек етейік.

Талай сындардан абыроймен өткен, рухы биік, ынтымағы берік Теректі халқының қандай істе болса да табысқа жетеріне сенімім мол.

Сіздерге мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, барлық мақсатты істеріңіз бен ізгі бастамаларыңыздың орындалуын тілеймін.

Құрметпен, Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов