ТЕРЕКТІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ТЕРЕКТІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

БҚО және Теректі ауданы аумағында эпидемиялогиялық ахуалдың нашарлауына байланысты БҚО санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі №11 қаулысына сәйкес (қаулы 2021 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді) Теректі ауданы шекарасынан өтетін Подстепное-Илек тас жолының 36 шақырымында (Федоровка ауылы тұсында), Самара-Шымкент тас жолының 273 шақырымында (Барбастау ауылының тұсында) блок-бекеттер қойылады.

Блок-бекеттер арқылы кедергісіз кіруге / шығуға (жол парақтарын, жұмыс бұйрықтарын, тапсырма жоспарларын, жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін, жүру билетін көрсеткен кезде)төмендегілер үшін рұқсат етіледі:

- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;

- медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;

- карантинді стационарларда емделушілер мен бақыланушылар;

- жүк тасымалдаушылар мен транзиттік жолаушылар;

- ауысым (вахта) жұмысшыларын тасымалдайтын көлік құралдары;

- күзгі дала жұмыстарына, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауылшаруашылық жұмыстарына, жолдарды жөндеуге, авариялық-құтқару қызметіне, аса қажет тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық жанар-жағар май материалдарын жеткізушілермен, сондай-ақ барлық жүк тасымалымен айналысатын адамдар, облыстың шаруашылық өмірін қамтамасыз ететін жабдықтармен және материалдармен айналысатындар, растайтын құжаттарды (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін - жұмыс орнынан мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) көрсеткен кезде;

- тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын адамдар және облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері) саяжай үйлеріне (саяжайларға, омартаға, қыстаққа) бару үшін құқық белгілейтін құжаттарды көрсеткен кезде;

- жақын туысқаны (әкесі, анасы, ағасы, апасы, балалары) қайтыс болған тұрғындарға;

- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қайту кезінде жұмыс берушінің мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде.

- темір жол вокзалынан, әуежайдан, автовокзалдан билетті көрсету арқылы бару немесе қайту кезінде;

Осы санатта көрсетілген тұлғаларға «109» телефонына өтінім қалдыру, немесе http://www.STOPCOVID.KZ сайттына тіркелу қажет;

Ерекше жағдайларда көрсетілген санаттарды қоспағанда адамдардың жекелеген санаттарына аудандар мен қалалардың санитарлық бекеттері арқылы шығуға және кіруге рұқсат ауданның / қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін;

Көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, азаматтардың облыстың аумағына және Орал қаласының аумағына кіруіне / шығуына тыйым салынады;

Блок-бекетердің жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдері COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін.