Теректі ауданы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бөліміне қоғамдық қабылдау жүргізілді.

Теректі ауданы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бөліміне қоғамдық қабылдау жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясында 2021 жылдың 15 сәуірінде Теректі аудан орталығында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы филиалының бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғам белсенділерінің қатысуымен қоғамдық бақылау онлайн форматта «ZOOM» бағдарламасы арқылы жүргізілді.

Азаматтарды қабылдауды БҚО Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бауыржан Садырұлы Ибрашев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  аудандық филиалының директоры Хайрулла Карпанұлы Құрматов, әкім аппаратының мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімінің басшысы Аэлита Маратқызы Байжұмашева және аудан бойынша дербес бөлім басшыларының қатысуымен өткізілді.

Қоғамдық қабылдау кезінде азаматтардан жер қатынастары бойынша мемлекеттік қызметтерді алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтар туындап, сұрақтарға БҚО Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бауыржан Садырұлы Ибрашев жауап берді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы жүзеге асыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.