Теректі ауданының әкімі А.Өтеғұловтың тұрғындарға үндеуі

Теректі ауданының әкімі А.Өтеғұловтың тұрғындарға үндеуі

Құрметті теректіліктер! 

17 сәуір – 15 мамыр аралығында Теректі ауданында тазалық айлығы өтеді. Қысқы тоңның құрсауынан босап, ауыл маңы жасыл желекке оранар уақытта көшелеріміздің көң-қоқыстан тазартып, аула маңын ретке келтіру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Жылма-жыл аудан аумағы сәнді ғимараттар, жаңғырған мектеп, жаңа салынған жолдармен толығуда. Ел игілігіне жасалған әрбір нысанға құрметпен қарауымыз қажет. Ал, ауламыздың айналасын таза ұстауға баршамыз міндеттіміз.

Осы орайда мекемелер мен ұйымдардың қызметшілерін және аудан тұрғындарын тазалық айлығына белсене ат салысуға шақырамын!