Ардақты аналар, аяулы қарындастар!

Ардақты аналар, аяулы қарындастар!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні Сіздерге барлық тілек, жылы лебіз арналады.

Бұл жалғандағы бар жақсылық атаулы – махаббат, отбасы, мейірім сіздермен үндеседі. Шексіз қамқорлықтарыңыз арқасында үйіміз береке мен бірлікке толы, балаларымыздың дені сау.

Әр шаңыраққа бақыт, әр үйге ырыс орнасын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Ізгі ниетпен, Теректі ауданы әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ