Кондоминимум объектісін мемлекеттік тіркеу

Кондоминимум объектісін мемлекеттік тіркеу

Тұрғын үйіңіздің кондоминиум құқығын тіркеу қажет пе? Олай болса, біздің парақшамыздың #oqy&toqy айдарына зер салыңыз.

 

🔑Egov.kz арқылы

📌Порталға кіріңіз

📌Іздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табыңыз

📌Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз

📌Өтініш берушіні таңдаңыз

📌Тұрғын үй туралы мәліметтерді толық толтырып шығыңыз

📌Екінші қадамда портал жер учаскесі туралы мәліметтерді сұрайды, көрсетіңіз

📌Қызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз

📌Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет

☝️Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесінің актісінің скан көшірмелер қажет болады.  Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбіртегінің де скан көшірмесін жүктейсіз.

 

🔑ХҚО арқылы

📌Алдымен кез келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз

📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз

📌Операторға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті

☝️Ескерту, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растаулары керек. 

 

⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 3 жұмыс күні

💰Қызмет құны - 2404,98 теңге.