ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ– ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ– ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ– ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

«Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай аудандық және қалалық спорт бөлімдері мен спорт клубтарының қызметкерлері арасында III ашық қалалық спартакиада өтті.

Спорт саласы мамандарының басын қосқан дүбірлі додада Теректі ауданының командасы да белсенді қатысып, спорттың жеті түрі бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Теректі ауданының құрамасы жалпы командалық есепте III орынға ие болып, жүлделі орыннан көрінді. Аудан спортшылары бірнеше спорт түрлерінен жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, волейбол және бес асықтан I орын, ал асық атудан II орын иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдары, медальдары және кубоктарымен марапатталды.

Бұл нәтиже – Теректі ауданы спорт саласы қызметкерлерінің ұйымшылдығы мен спортқа деген белсенділігінің жемісі. Барша жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!