
ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Аудан әкімдігінің кіші залында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен және БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Альфия Дунекованың қатысуымен «тәуекел тобы» балаларына жеке сүйемелдеу мәселесі бойынша отырыс өтті.
Аталған басқосуда «тәуекел тобына» жататын балаларға жеке сүйемелдеу мәселесін жан-жақты қарастыру мақсатында бірнеше сала мамандары жұмылдырылып, әр сала өз деңгейінде жасалған жұмыстары туралы баяндады. Отырыс кезінде өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе бақылауды қажет ететін балалармен жүйелі, үйлестірілген жұмыс жүргізу маңыздылығы сөз етілді.