
«ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕР НАМЫСЫ»
Дәл осындай атаумен Отан қорғаушылар мейрамы қарсаңында орталық спорт алаңында салтанатты іс-шара өткізілді.
Мерекелік шара ашылуында орталық алаңға кірер тұста өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімінің, ішкі істер органдарының және қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері мен медицина саласының өкілдері өз мамандығына қатысты ақпарат беріп, техникаларын көрсетіп, өткізілген іс - шараның маңызын атап өтті.
Жиын барысында ҚР Мемлекеттік Туы шығарылып, Әнұран ойналды. Сонымен қатар аудандық алғашқы әскери дайындық пәні ұстаздары, «Жас сарбаздар» және «Жас құтқарушылар» мерекелік шара аясында салтанатты саптық жүріспен шеру жасады.
Іс-шара ел үшін еңбек етіп, бейбіт күннің берекесін күзетіп, амандығын сақтап жүрген Отан қорғаушыларға арналған рухты көтеріп, Отанға деген махаббатты сипаттайтын ән мен саз, күй мен биге жалғасқан мерекелік нөмірлерге ұласты.