
Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен жиын өткізілді.
Аталған кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, сала басшылары, ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласындағы тауарлы несие беру, "Ауыл Аманаты" және жеке инвестиция тарту жөнінде аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлбаршын Раисова баяндады.
Аудан аумағындағы тазалық жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайыржан Есетов бөлісті.
Үшінші мәселе аудандағы қоғамдық-саяси ахуал жайында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов жеткізді. Сонымен қатар кезекті мәселеде ауданның аппарат басшысы Мирлан Еркибаев мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын қатаң сақтауды еске салды.
Кеңес барысында аудан әкімі Әлия Биғазықызы жоғарыда аталып өткен күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пысықтап, жұмыстарды одан әрі жандандыруды тапсырды.