
Бүгін Теректі аудандық мәслихатының 30-кезекті сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы А. Нұрғалиев жүргізді.
Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 12 депутатының 9-ы қатысып, кворум қамтамасыз етілді. Жиынға аудан әкімі Ә. Мұханбетжанова, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары қатысып, ауылдық округ әкімдері онлайн режимде қосылды.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, ауданның 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Бұл жөнінде ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Сәрсенова баяндама жасады.
Сонымен қатар Покатиловка ауылдық округінің әкімі Ә. Дүйсенов округ бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ал Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ж. Әбдушев 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.
Сессия барысында аудан әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың, сондай-ақ округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері де қаралды.
Бұдан бөлек, Теректі ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер депутаттардың қолдауымен қабылданды.