8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер арасында волейболдан аудандық турнир өтті

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер арасында волейболдан аудандық турнир өтті

Теректі аудан орталығында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер арасында волейболдан аудандық турнир өтті.

Аталған жарыс салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға және спортшылардың шеберлігін арттыру.

Турнирдің ашылу салтанатында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Т.Сағынгереев қатысушыларды мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқталып, спортпен айналысу – денсаулықтың кепілі екенін атап өтті.

Аудандық турнирге Долин, Покатиловка, Подстепное, Шаған, Теректі ауылдық округтерінің және аудандық аурухана командасы қатысты. Командалар өзара бақ сынап, үздік атану үшін тартысты ойын көрсетті.