ӨРТ СӨНДІРУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

ӨРТ СӨНДІРУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

ӨРТ СӨНДІРУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Бүгін ауданға қарасты Ұзынкөл ауылындағы қуанышты сәттің куәсі болдық.

Айтулы сәтке ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов, Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы және жеке құрамы мен аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

«Сіздерді өрт сөндіру бекетінің ашылуымен құттықтаймын. Әсіресе ауылдық жерге аса қажетті нысан. Бүгін біз Ұзынкөлдіктердің қуанышына ортақпыз. Біріншіден жаңа өрт сөндіру нысаны ашылса, екіншіден халықты жұмыспен қамтуға мол мүмкіндік. Және тек Ұзынкөл ауылы емес, осы ауылға іргелес орналасқан Жаңа Өмір, Бекей ауылдарын қамтитын болады. Жаңа нысанның құрылысы 2025 жылдың қазан айында басталып, бүгінгі күні халықтың игілігіне беріліп отыр",-деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Фаткулович, Теректі ауданы әкімі Әлия Биғазықызы және БҚО ТЖД бастығының м.у.а азаматтық қорғау полковнигі Жанболат Жасқайратұлы Жаншин және өзге де қонақтар өрт сөндіру бекетін аралап көрді. Ұзынкөл ауылының ақсақалы Арыстан Ищанов жерлестерін құттықтап, сәттілік тіледі.