
АУДАН АКТИВІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ
Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған алқа отырысы өтті.
Жиынды Теректі ауданының әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова ашып, Конституциялық реформаның маңызына тоқталды. Аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Жақсыгерейұлы Нұрғалиев Конституциядағы өзгерістердің қоғамдық маңызын атап өтті.
Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мирхат Мақсотұлы Ибраев партия ұстанымы мен азаматтық бірлік мәселесіне тоқталды.
Теректі колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Камешовна Бисенғалиева жастарға құқықтық тәрбие берудің маңызын айтты.
Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ғазиза Серікқызы Сарсенова отбасы құндылықтары мен қоғамдық тұрақтылық туралы пікір білдірді.
Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Дастан Алтымбекұлы Төлеген жастардың азаматтық белсенділігіне ерекше тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар Конституция жобасына қатысты ой-пікірлерін еркін білдіріп, мазмұнды пікір алмасу өтті.
Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырып, қоғам өкілдерін белсенділік танытуға шақырды.