«HALYQ ZAŃGERI» республикалық әлеуметтік акциясы

«HALYQ ZAŃGERI» республикалық әлеуметтік акциясы

«HALYQ ZAŃGERI» республикалық әлеуметтік акциясы

Бүгін ауданымыздың Мәдениет үйінде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Halyq Zańgeri» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.

Іс-шараға Теректі ауданының әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы, Теректі ауданының прокуроры Молдағалиев Бауыржан Бақытжанұлы, сондай-ақ аудандық сот, прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және жер қатынастары салаларының басшылары қатысты.

Акция аясында тұрғындар үшін бірнеше бағыт бойынша қабылдау үстелдері ұйымдастырылып, салалық мамандар азаматтарға тегін құқықтық кеңес берді. Қабылдау барысында автотұрақ мәселесі, тұрғын үйді жалға алу тәртібі, жер қатынастары, кентішілік автомобиль жолдарының жай-күйі, жаңа алаң (саябақ) салу, жаңа спорт алаңын ашу, тегін дәрі-дәрмек алу секілді әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтерілді.

Тұрғындардың сауалдарына аудандық сот, полиция, жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау және өзге де салалық бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандар заң аясында түсініктеме берді.

Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтардың заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайту.