
КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан әкімдігінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін марапаттап, алқаларын салтанатты түрде табыстады.
Теректі ауылдық округінің тұрғыны Элеонора Абдирова «Күміс алқа» иегері атанса, Ақжайық ауылдық округінің тұрғындары Гүлмира Жаранова «Алтын алқа», ал Әсел Урахова «Күміс алқа» наградасымен марапатталды.
Салтанатты жиын барысында аудан әкімі көпбалалы аналарға жылы лебізін білдіріп, олардың ел болашағын тәрбиелеудегі еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар Ақжайық ауылдық округінің әкімі Болат Қадыралиев те жерлестерін құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.