
АЛҒАБАС АУЫЛЫНДА ЖАҢА СУ ҚҰБЫРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары мемлекетке қайтарған заңсыз иемденілген активтер есебінен Теректі ауданының Алғабас ауылында жаңа су құбыры пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудан прокуроры Бауыржан Молғалиев, «ПМК-117» ЖШС басшысы Станислав Александрович және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа нысан ауыл халқын таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ шалғай елді мекендердегі өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Қазіргі таңда өңірде қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандарды салу және қайта жаңарту жобалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Таза су – әрбір тұрғын үшін ең маңызды игілік!