Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин ауданға жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин ауданға жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин ауданға жұмыс сапарымен келіп Ақжайық шипажайының аумағындағы "West Agro food" ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасын барып көрді. Мәжіліс депутатына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мен аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев өткен жылы ауданға тартылған инвестиция жөнінде атап өтті. Қазіргі таңда қойманың жұмысы қызу жүруде. Келген делегация картоп өнімін іріктеу, оларды қаптау және текшелеу жұмыстарының жүріп жатқандығына көз жеткізді. Көкөніс сақтау қоймасының технологиясымен танысқан Н. Арсютин жеке кәсіпкерге табыс тіледі. Одан кейін "BT Control Stroy" ЖШС-нің құрылыс жұмыстарымен танысты. Күніне 50 бас ірі қара малын союға арналған мал бордақылау алаңының құрылыс жұмысын көрді. Болашақта бұл жерде 10 адамға дейін жұмысқа тартылатын болады. Мал сою алаңымен қатар ветеринар дәрігердің бөлмесі мен демалыс орыны қамтылған. Сонымен бірге сойылған етті сақтайтын мұздатқышта іске қосылатын болады. Подстепное ауылындағы "КТК 888" кәсіпкерлігі салып жатқан сүт өнімдері тауарлары фермасының құрылыс жұмыстарымен танысты. 400 бас сүтті сиырларға арналған аталмыш орынның құрылысы қазіргі кезде біраз жұмысты еңсеріпті. Сонымен бірге жұмысшыларға арналған демалыс орындары мен асхана, қойма және мамандар отыратын орындармен жабдықталған.