Аудан аумағына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев жұмыс сапарымен келді

Аудан аумағына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев жұмыс сапарымен келді

Аудан аумағына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев жұмыс сапарымен келді.

Подстепное ауылындағы кездесулерден кейін, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мен аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев мәжіліс депутатымен бірге Ақжайық ауылына тартты. Ондағы мақсат Нартай Аралбайұлы жуық арада ашылған су жаңа спорт кешенімен танысу еді. Заманауи үлгіде салынған спорт кешенін аралап көрген халық қалаулысы ақжайықтықтарды құттықтады. Депутат әсіресе ауылдағы ағайынға аса қажеттілігін тудыратын спорт нысандарының салынуы көңіл қуантатындығын жеткізді. Ауыл тұрғындары Нартай Аралбайұлының келетіндігін естіп спорт кешенге жиналыпты. Сонымен қатар депутат халықпен кездесу барысында тұрғындардың сауалына жауап беріп, ұсыныстарды жоғары жаққа жеткізетіндігін атап өтті.