
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың 29 кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Кезекті сессия барысында Теректі ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы, ауданның 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы, Теректі ауданының ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы, 2026-2030 жылдарға арналған Теректі ауданының даму жоспарын бекіту туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сәрсенова баяндама жасады. Шағатай ауылдық округі әкімінің аиқарған жұмыстары туралы Рүстем Мутиев баяндап берді. "Аудан бойынша аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Болат Кенжегулов баяндама жасады. 2058 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Теректі ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттерін және қызметтерін бағалау критерийлерін бекіту туралы, "Мемлекеттік рәміздері жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту, "аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас бойынша консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу және "Теректі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметі және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сәкен Идресқалиев баяндап берді. Сессия жиыны кезінде аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Жақсыгерейұлы атап өтті. Жиын соңында аудан әкімі Әлия Биғазықызы сессияға қатысушыларға алғысын білдіріп, 22-желтоқсан Энергетиктердің кәсіби мерекесімен құттықтап жүрекжарды тілегін жеткізді. Аталмыш жиында бір топ энергетик саласының мамандарына алғыс хатын табыс етті.