Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 18 күні Теректі ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының  18  күні  Теректі  ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының  18  күні  Теректі  ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында, Теректі ауданының ұйымдастыру, бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, олардың сапасын арттыру және проблемалық мәселелер бойынша баяндама жасады. Нәтижесінде, төмендегідей проблемалық мәселелер қаралды.

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметінің қағидасына сәйкес электрондық және қағаз түрде көрсетіледі. Өтініш «E-license» ақпараттық жүйесіне (әрі қарай-АЖ) келіп түседі. Қағидаға сәйкес, өтінімді қызметті беруші құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға жолдайды. Алайда, АЖ-де өтінімді тек бөлімге ғана жіберуге болады.Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жер комиссиясының қорытындысы негізінде жүргізіледі. Яғни жер бөлімінің мамандары өтініштегі     қателіктерді тапқанымен өз еріктерімен өтінішті иесіне кері қайтара алмайды.  Жер комиссиясының талқылауынан кейін ғана хаттамаланып, өтініші жабылады.
  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесінде бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің жұмыс орнын анықтамайды.
  2. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне енгізу немесе электрондық нысанға ауыстыру мәселесі.
  3. «Сауда-саттық (аукциондар) өткізуді қажет етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту тетігін қарастыру (көрсетілетін мемлекеттік қызметтің уақыты мен жер комиссиясы отырысын сәйкестендіру).