Ағымдағы жылдың қараша айының 20 күні Теректі ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың қараша айының  20  күні  Теректі  ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың қараша айының  20  күні  Теректі  ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында, «Богдановка ауылдық округі әкімінің аппараты», «Құмақсай ауылдық округі әкімінің аппараты»,  «Теректі ауданының экономика және қаржы» мемлекеттік мекемелері мемлекеттік қымет көрсету сапасы туралы баяндама жасады. Нәтижесінде, төмендегідей ұсынымдар қаралып, назарға алынды.

Ұсыну:

  • Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушыларды, әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану арқылы соның ішінде әлеуметтік желілері арқылы ақпараттандыру;
  • Мемлекеттік қызмет көрсетушілерді уақтылы оқытуды қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жаңадан қабылданған қызметкерлерді тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру;
  • Жауапты мамандар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету мақсатында күнделікті қадағалау, уақтылы мониторинг жұмыстарын жүргізу;
  • Е-лицензиялау ақпараттық жүйедегі кемшіліктерді жою жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімге сәйкес электронды қызметтерді ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімі асып орындалмау үшін, ақпараттық жүйелерге ескерту түріндегі хабарлама орналастыруды қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тізілім мен қағидаларды және ережелердің заңдылығын сәйкестендіру қажет.