Мемлекеттік қызметтер заңнамасын түсіндіруге арналған онлайн семинар өтті

Мемлекеттік қызметтер заңнамасын түсіндіруге арналған онлайн семинар өтті

🔷 Теректі ауданында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер заңнамасын түсіндіруге арналған онлайн семинар өтті. Іс-шараға ауылдық округтер әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету барысында бірыңғай тәсілді қалыптастыру болды.

🔷 Семинар барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Ибрашевпен қатысушыларға жер заңнамасындағы өзгерістер мен өзекті талаптар, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы процестерді цифрландыру тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қызметтерді көрсетудегі ашықтық, заңдылық және жеделдік қағидаттары мен мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимыл сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🔶 Ауылдық округтер әкімдіктерінің өкілдері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті және проблемалық жағдайларды шешу жолдарын ұсынды. Сарапшылар мұндай іс-шаралар жергілікті деңгейдегі жұмысты жетілдіруге және халықтың мемлекеттік құрылымдарға деген сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

🔷 Семинар қорытынды шығарумен және жер қатынастары саласындағы процестерді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеумен аяқталды.